Аргентина Израильмен жолдастық кездесу өткізбейтін болды

0
1 587

Бірнеше күн алдын Палестин футбол федерациясының басшысы Жибрил Ражуб мұсылман жанкүйерлердің «Барселона» және Аргентина құрама командасының шабуылшысы Лионель Месси израильдіктерге қарсы алаңға шығатын болса, оның жейдесі мен суреттерін өртеп жіберетінін айтқан болатын.


Аргентина Израильмен жолдастық кездесу өткізбейтін болды

ERNUR.KZ. Аргентина құрама командасы Палестин үкіметінің басымынан соң Израиль құрама командасымен белгіленген жолдастық кездесуін өткізуден бас тартты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бірнеше күн алдын Палестин футбол федерациясының басшысы Жибрил Ражуб мұсылман жанкүйерлердің «Барселона» және Аргентина құрама командасының шабуылшысы Лионель Месси израильдіктерге қарсы алаңға шығатын болса, оның жейдесі мен суреттерін өртеп жіберетінін айтқан болатын.

Mundo Deportivo баслымының хабарлауынша, Аргентина құрамасының 9 маусым күні Израильге қарсы жолдастық матч өтпейтін болды.

Аргентиналықтардың бас бапкері Хорхе Сампаоли Әлем чемпионатына дейін бір кездесу өткізуді жоспарлаған. Алайда ол ойын Барселона қаласында өтуі мүмкін.