Арман Оспанов ресейлік файтерді жойқын нокаутқа түсірді – толық видео

0
706

​Алматыда аралас жекпе-жектен "Absolute Championship Akhmat 105" турнирінде кештің басты жекпе-жегі өтті.


Арман Оспанов ресейлік файтерді жойқын нокаутқа түсірді – толық видео

ERNUR.KZ. Қазақстандық Арман Оспанов (9-3) Алматыда өткен турнирдегі кездесуде ресейлік қарсыласы Расул Мирзаевты (18-2) нокаутпен жеңді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қазақстандықтар көптен күткен жекпе-жек Алматыда аралас жекпе-жектен "Absolute Championship Akhmat 105" турнирі аясында өтті.

Қазақстандық файтер Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен кездесті.

Жартылай жеңіл салмақтағы айқас бес раундқа жоспарланған еді, алайда Оспанов Мирзаевты бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді.


Бұл Арман Оспановтың кәсіпқой ММА-дағы оныншы жеңісі, ал Расул Мирзаев үшін карьерасындағы үшінші жеңіліс.

ММА-дың басқа файтерлері мен комментаторлар Оспанов пен Мирзаевтың жекпе-жегіне жоғары баға берді.