«Арсеналдың» бас бапкері коронавирус жұқтырды

0
554

«Арсенал» жаттықтыру орталығы жабылды, жақын арада болатын Англия чемпионатындағы клубтың матчтары болмайды.


«Арсеналдың» бас бапкері коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Лондондық «Арсенал» футбол клубының бас жаттықтырушысы Микель Артетадан коронавирус анықталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Артетамен байланыста болған құраманың негізгі құрамы мен клуб мүшелері екі аптаға оқшауланады. «Арсенал» жаттықтыру орталығы жабылды, жақын арада болатын Англия чемпионатындағы клубтың матчтары болмайды.

«Жағдайдың бұлай болғанына өзің де таңқалып отырмын. Мен көңіл-күйім нашарлай бастағанда бірден-ақ тест тапсырған едім. Енді мен жұмысқа мүмкіндік бергенде ғана ораламын, - деді 37 жастағы испандық Артета.

Сенбі күні «Арсенал» «Брайтонмен» ойын өткізу керек болған, бірақ Премьер-лиганың бұл матчын кейінге қалдыруға тура келді.