Әшкеев журналиске неге су шашып жіберді

0
947

Спортшы «Уақыт көрсетеді» атты бағдарламаға қонаққа келген.


Әшкеев журналиске неге су шашып жіберді

ERNUR.KZ. Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (12-0, 6КО) Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсету үшін Қазақстанға келді, деп жазады Prosports.kz.

5 шілдеде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін бокс кешінде ол Қазақстанда алғаш рет жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте Әшкеев бірінші орта салмақта NBA World белбеуін сарапқа салады.

Осы бокс кешіне қатысу үшін елге келген боксшы отандық youtube арналардың біріне сұқбат берен екен. «Уақыт көрсетеді» атты бағдарламаға қонаққа келген Мадияр жүргізуші Жылқышыбайға ренжіп қайтты. Бұған себеп, жеке арнаның жүргізушіcі болып отырған жігіт спортшының қытығына тиетін сұрақтарды тым көп қойды.

Әшкеев сұхбат барысында ер азаматқа тән сабырлылық танытып, жүргізушінің кей сұрағына кешіріммен қарағанымен, сөз соңына қарай жеке басына, отбасына байланысты қойылған қитұрқы сұрақтар көңілінен мүлде шықпады. Әрі бұл сұрақтарды әбестікке балап, оларға жауап беруден бас тартты. Кейін тіпті жүргізушінің бетіне су шашып жіберді.


Айта кетейік, 23 мамырда өткен жекпе-жекте Мадияр 34 жастағы америкалық боксшы Сесил Маккаланы (21-4, 8 КО) төрешілердің шешімімен жеңіп, NABF Junior белбеуіне ие болған еді.