"Астана Арландары" бокс клубы таратылады

0
1 231

WSB-дің келесі маусымына қатыспайды. Сегіз жылда "Астана Арланс" бұл турнирге бес рет қатысты.


ERNUR.KZ. "Astana Arlans" бокс клубы таратылады, деп жазады Vesti.kz.

Бұл туралы бүгін есеп беру конференциясында Қазақстан бокс федерациясы ұйымының вице-президенті Данияр Әбілғазин хабарлады.

"Astana Arlans" бокс клубы таратылады. Бұл жобадан шығу туралы шешім қабылдадық. Келесі маусымнан бастап бұл жарысқа қатыспаймыз, - деді ол жиын кезінде.

"Astana Arlans" WSB жобасындағы ең нәтижелі командалардың бірі болған. 2012/2013, 2014/2015 және 2017 жылдары жарыс жеңімпазы атанды. Еліміздегі ең мықты боксшылар да осы жоба аясындағы жекпе-жектерде бақ тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдаған.

Айта кетейік, Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) соңғы жылдары тоқырап келеді. Көп командалар бірер маусым ғана қатысып, кейіннен жарысқа қатысудан бас тарта бастады.