"Астана" баскетбол клубы жаңа маусымды жеңіспен ашты

0
525

24 ұпай жинаған Джейлен Бэрфорд Астанадағы ең жемісті ойыншы атанды.


ERNUR.KZ. Елордалық "Астана" баскетбол клубы ВТБ Біріккен Лигасының жаңа маусымына қатысуда, деп жазады zakon.kz.

Қазақстандық баскетболшылар Санкт-Петербордың "Зенит" командасын 83:69 (25:15, 14:29, 16:11, 18:12) есебімен жеңді. Бұл олардың алғашқы жеңісі.

Астаналықтар үш кезеңде де барлық компоненттерде мықты болды.

24 ұпай жинаған Джейлен Бэрфорд Астанадағы ең жемісті ойыншы атанды. "Астана" БК келесі матчын сырт алаңда өткізеді. Келесі матч 10 қазанда "Нижний Новгородпен" болмақ.