​«Астана» Чехия клубын жеңді

0
846

«К» тобынан орын алған Елорданың «Астана» командасы өз алаңында Чехияның «Яблонец» ұжымымен кездесіп, 2:1 есебімен басым түсті.


​«Астана» Чехия клубын жеңді

Футболдан Еуропа лигасының 4 – тур матчтары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«К» тобынан орын алған Елорданың «Астана» командасы өз алаңында Чехияның «Яблонец» ұжымымен кездесіп, 2:1 есебімен басым түсті. Бірінші таймның 18 – минутында отандастарымыз Педро Энрикенің соққысынан соң есепті ашқан болатын. Ал, үзіліс алдында қонақтар Зайнутдиновтың автоголының есесіне таразы басын теңестірді.
Екінші таймда жанкүйерлердің алдында намысқа тырысқан «Астана» футболшылары жеңіс голын соқты. 88 – минутта Постников қазақстандықтарға 2:1 есебіндегі жеңісті сыйлады. Осы жеңістен соң «Астана» 8 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келеді. Екінші орынды иеленіп тұрған Киевтің «Динамосы» өз алаңында Францияның «Ренн» ұжымын 3:1 есебімен жеңді.