"Астана" Черногория клубын жеңді

0
964

Елорданың "Астана" клубы Черногорияның "Сутьеска" командасын өз алаңында 1:0 есебімен жеңген болатын.


фото: sports.kz

ERNUR.KZ. Футболдан Еуропа чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің 1/ 8 финалының ойындары аяқталды деп хабарлайды, ERNUR.KZ тілшісі.

Елорданың "Астана" клубы Черногорияның "Сутьеска" командасын өз алаңында 1:0 есебімен жеңген болатын. Қарымта матчында қазақстандықтар қарсыластарының қақпасына жауапсыз екі гол соқты. 38-ші минутта Деспотвоч мүмкіндікті мүлт жібермей есепті ашты. 65-ші минутта Мужықов нәтижені еселеп, "Астанаға" 2:0 есебіндегі жеңісті сыйлады.
Айта кетейік, "Астана" клубының ширек финалдағы қарсыласы Данияның "Мюдтьюланн" ұжымы болады.