"Астана" Франция командасын жеңді

0
1 040

2 - турдан кейін "Астана" 4 ұпаймен топта көш бастады.​


Футболдан Еуропа лигасының 2 - тур ойындары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"K" тобынан орын алған Қазақстанның чемпионы "Астана" өз алаңында Францияның "Ренн" командасымен кездесті. Ойын басынан елордалықтар жылдам шабуыл ұйымдастырып есепті ашу əрекетінде болды. Бірақ, алғашқы таймда футболшыларға гол соғу бақыты бұйырмады.
64 - минутөа келіп "Астана Арена" стадионы толқыды. Бұрыштама добынан кейін Бақтияр Зайнутдинов басымен соқөы бағыттап есепті ашты. Бұл гол отандастарымыздың жеңіске дешен құштарлығын асқақтатды. Қорғаныста қатесіз ойын көрсетіп, матч аяқталуына бірнеше секундтар қалғанда екінші голды да соқты. Бұл жолы "Ренн" командасының қақпасына Марин Томасов гол соқты. Қортынды есеп - 2:0 "Астананың" жеңісі.

Топтағы екінші матчта "Яблонец" пен Киевтің "Динамосы" 2:2 есебімен тең түсті. 2 - турдан кейін "Астана" 4 ұпаймен топта көш бастады.