​«Астана» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

0
1 059

Роман Иосифович үш түрлі клубпен Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан өте тәжірибелі маман.


​«Астана» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

1 маусымнан бастап «Астана» футбол клубының бас бапкері қызметіне латвиялық «Венспилс», одессалық «Черноморец» және әзербайжандық «Габала» ұжымдарында қызмет атқарған украиналық маман Роман Григорчук тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Роман Иосифович үш түрлі клубпен Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан өте тәжірибелі маман: латвиялық «Венспилс», одессалық «Черноморец» және әзербайжандық «Габала» (екі рет). 2013/2014 жылғы маусымда одессалық клубпен аталған турнирдің 1/16 финалына жолдама алған болатын.

Одан бөлек украиналық маман үш рет Латвия чемпионатында топ жарып, екі мәрте балқан түбегі елінің Кубогында жеңіске жеткен және де Әзербайжан чемпионатында екі рет күміс, екі рет қола жүлдені жеңіп алған. Ал жекелей марапатқа келер болсақ, Григорчук үш мәрте Латвияның үздік бапкері атанып, Украина және Әзербайжанда да осы жетістікке қол жеткізген.
Григорчук Роман Иосифович 1965 жылы 22 наурызда дүниеге келген. Футболшы ретіндегі еңбек жолын 1988-2000 жылдар аралығында жүргізген Осы жылдар аралығында «Прикарпатье» (Ивано-Франковск), «Санкт-Пельтен» (Австрия), «Петрохимия» (Польша), «Сатурн» (Раменское, Россия), «Кривбасс» (Украина), «Динабург» (Латвия) сынды клубтарда ойнаған.

Бапкер ретіндегі еңбек жолы:
1999-2005 «Динабург» (Латвия)
2005-2009 «Венстпилс» (Латвия)
2009-2010 «Металлург» (Запорожье, Украина)
2010-2014 «Черноморец» (Одесса, Украина)
2014-2018 «Габала» (Әзербайжан)
Жетістіктері:
2006, 2007, 2008 Латвия Чемпионы
2005, 2007 Латвия Кубогының иегері
2006, 2007, 2008 Латвияның үздік бапкері
2012/13 Украина Кубогының финалисі
2012/13 Украинаның үздік бапкері
2014/15, 2015/16 Әзербайжан чемпионатының қола жүлдегері
2016/17, 2017/18 Әзербайжан чемпионатының күміс жүлдегері
2016/17, 2017/18 Әзербайжан Кубогының финалисті
2015/16 Әзербайжанның үздік бапкері
УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан жылдары:
2009/10 «Вентспилс» (Латвия)
2013/14 «Черноморец» (Одесса, Украина)
2015/16, 2016/17 «Габала» (Әзербайжан)
2013/2014 жылғы маусымда «Чернаморец» (Одесса) клубымен УЕФА Еуропа Лигасының 1/16 финалына жолдама алған.