"Астана" клубы осы маусымдағы бюджетін жария етті

0
665


ERNUR.KZ. Астана" ФК 2021 маусымдағы бюджетін жария етті, деп жазады Vesti.kz.

Футбол клубы өз сайтында мәлімет жариялап, онда бюджет көлемі 15 миллиард деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Бірқатар БАҚ-та "Астана" клубының бюджеті 15 миллиар теңге деген ақпарат тарады.

Клуб бұл сомма асыра көрсетілгенін мәлімдейді: 2021 жылғы маусымдағы клуб бюджеті 5 миллиард теңге", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2021 жылғы маусымда "Астана" футболдан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.