"Астана" командасы "Манчестер Юнайтедті" жеңді (фото)

0
879

​"Астанаға" лайықты құрмет көрсетпей, үшінші құрамын әкелген "Манчестер Юнайтед" Нұр-Сұлтаннан ұпайсыз кететін болды.


ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында "Астана" ағылшының "Манчестер Юнайтед" клубымен ойнады, деп жазады sputniknews.kz.

Матчта елордалық команда 2:1 есебімен жеңіске жетті. 10-минутта Джесси Лингард "Манчестер Юнайтедті" алға шығарса, 55-минутта Дмитрий Шомко таблодағы есепті теңестірді.

Қарсылас команданың қорғаушысы Дишон Бернардтың автоголы қазақстандықтарға жеңіс әкелді.

Осылайша, "Астана" топтағы алғашқы ұпайын алды, бірақ үш балмен соңғы орыннан көтерілген жоқ. Үшінші орында келе жатқан сербиялық "Партизанның" қоржынында төрт ұпай бар.