"Астана" командасы жеңіске жетті

0
1 248

Бір апта бұрын "Астана" өз алаңында Данияның "Митьюлланд" клубын 2:1 есебімен жеңген болатын


ERNUR.KZ. Елордалық "Астана" командасы Еуропа чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің 3 - айналымына жолдама алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Елордалық "Астана" командасы Еуропа чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің 3 - айналымына жолдама алды.

Еске сала кетсек, бір апта бұрын "Астана" өз алаңында Данияның "Митьюлланд" клубын 2:1 есебімен жеңген болатын. Даниядағы қарымта матчта алаң қожайындары жылдам гол соғу əрекетінде болды. Бірақ, Ненад Эричтің қақпасына бағытталған соққылар есепті аша алмады.

Ал, екінші таймда жерлестеріміз қарымта шабуылмен қарсыластарын жазаламақшы болды. Серікжан Мұжықов пен əріптестерінде гол соғу мүмкіндігі болғанымен, тартысты өткен матчтың есебі өзгеріссіз қалды(0:0).

Осылайша, "Астана" келесі айналымға жолдама аалды. Елордалық клуб ендігі кезеңде Хорватияның "Динамо" (Загреб) командасымен күш сынысатын болады.