"Астана" командасына трансфер жасауға тиым салынды

0
775

Шешім бүгін, яғни 15 шілдеден бастап күшіне енеді.


ERNUR.KZ. Елордалық "Астана" командасына трансфер жасауға тиым салынды. Енді командадан ұпай алып тастауы мүмкін, деп жазады kaz.vesti.kz.

"Астана" команданың бұрынғы футболшысы, Венгрия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслерге толық жалақысын төлемеген. Сол үшін де командаға трансферлік бан қойылған.

Футболшының өкілі Георгий Карпачан ФИФА-ның бұл шешімі күшіне енгеніне куә болуы үшін өзі арнайы Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген. Ал шешім бүгін, яғни 15 шілдеден бастап күшіне енеді.

Еске салайық, 27 жастағы Кляйнхайслер "Астана сапында 2017-2018 жылдары ойнады. Содан соң хорватиялық "Осиек" командасына ауысып кетті.