Астана күнінде Жаңқош Тұраров рингке шығады

0
878

Аталмыш бокс кешінен әйгілі ESPN студиясы АҚШ, Канада және Пуэрто-Рико елдеріндегі 100 миллионнан астам аудиторияға көрсетілім ұсынбақ.


Астана күнінде Жаңқош Тұраров рингке шығады

ERNUR.KZ. Астана күні мерекесіне орай «Барыс аренада» бокс кеші өтеді. Айтулы кеште Жаңқош Тұраров ұзақ үзілістен кейін алғаш рет шаршы алаңға шықпақ, деп жазады ҚазАқпарат.

Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте Жаңқош Тұраров өз дайындығы туралы айтты.

«Бір жарым жылдай үзіліс жасағанымды білесіздер. Дегенмен, жаттығуды үзген кезім жоқ. Өзімнің ең алғашқы жаттықтырушым Сағатбек Мұсаханов ағаммен дайындалып жатырмын. Спорттық бабыма келдім десем болады.Сондықтан, бұл жекпе-жек жақсы мүмкіндік болғалы тұр. Намысты қолдан бермеймін. Елдің туын тағы жоғары көтеремін», - деді кәсіби боксшы Жаңқош Тұраров Орталық коммуникациялар қызметінде.

Тұраровпен бірге жеңіл салмақта WBC бойынша әлем чемпионы титулын және тиісінше орташа салмақта WBO бойынша Еуропа чемпионы титулын қорғайтын Нордин Оубаали мен Дэвид Оливер Джойс сияқты халықаралық жұлдыздар да өз жекпе-жегін өткізеді.

Сонымен қатар, Сұлтан Заурбек, Виктор Коточигов, Али Балоев, Әбілхаир Шегалиев, Нұртас Әжбенов және Абай Төлеш те елорда төрінде бақ сынамақ. Аталмыш бокс кешінен әйгілі ESPN студиясы АҚШ, Канада және Пуэрто-Рико елдеріндегі 100 миллионнан астам аудиторияға көрсетілім ұсынбақ.