«Астана» велоспортшысы Мадридте көлік апатына түсті

0
803

Спортшының алты қабырғасы сынып, омыртқасы жарақаттанған.


«Астана» велоспортшысы Мадридте көлік апатына түсті

ERNUR.KZ. Жексенбі күні Astana Pro Team командасының велоспортшысы Омар Фраиле Мадридте жол апатына ұшырады. Бұл туралы команданың Twitter-дегі ресми парақшасында хабарланды, деп жазады baq.kz.

Жол-көлік оқиғасында Фраиленің сүйіктісі де зардап шеккен. Енді оған ота жасалады. Ал спортшының алты қабырғасы сынып, омыртқасы жарақаттанған.

Екеуінің де өміріне қауіп төніп тұрған жоқ екені хабарланды.

Омар Фраиле – «Астана» командасы үшін жарысатын испаниялық велошабандоз.

2018 жылдың шілдесінде «Тур де Франс» көпкүндігінің 14-кезеңінде жеңіске жетті. Ол 188 шақырымды екінші категорияда 4:41:57 көрсеткішімен еңсерді. Спортшы бұл жеңісін Денис Тенге арнаған болатын.