Астаналық саябақта шаңғы жарысы өтеді

0
872

Аталмыш шара елордадағы қысқы маусымның шымылдығын ашады.


Астаналық саябақта шаңғы жарысы өтеді

ERNUR.KZ. 14 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Астаналық саябақта шаңғы-роллерлік трассада шаңғы жарысы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталмыш шара елордадағы қысқы маусымның шымылдығын ашады, деп хабарлады Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-де, ал жарыс сағат 11:00-де басталады. Жарыс 1 шақырым дистанцияны бағындырудан басталады. Содан кейін қатысушылар жас санаттары бойынша бөлінеді және әрбір топ әртүрлі қашықтықтарда күш сынасады.

45 жастан асқан қатысушылар (1974 жылы туған және одан жоғары) оның ішінде ерлер 3 шақырым, әйелдер 1 шақырымды бағындырады, жасы 15-тен 20-ға дейінгі жасөспірімдер: ұлдар 5 шақырым, қыздар 3 шақырым, жасы 14-15 жас аралығындағы ұлдар 3 шақырым, қыздар 1 шақырым, сондай-ақ 2007 ж.т. кіші жасқа дейінгі ұлдар 1 шақырым, қыздар 500 м жарысады.

Жарысқа ниет білдіргендердің барлығы қатысады. Тіркеуден өту үшін жеке куәлік қажет. Шаңғы жарысы өтетін аумақта шаңғы керек-жарақтарын прокатқа беретін екі орын жұмыс істейді.

Әр топ бойынша жеңімпаздар дистанцияны бағындыруға жұмсалған ең аз уақыт бойынша анықталады. Әр санат бойынша 1, 2, 3-орын алған жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.