"Атлетико" бас бапкері өз ұлын 40 миллион евроға сатып алмақшы болды

0
950

Мадридтіктер 23 жастағы форвард үшін 40 миллион евро ұсынған


ERNUR.KZ. Мадридтік "Атлетико" клубының бас бапкері Диего Симеоне италиялық "Фиорентина" клубындағы ұлының қызметіне қызығушылық танытты, деп жазады vesti.kz.

Дереккөзінің мәліметтері бойынша, мадридтіктер 23 жастағы форвард үшін 40 миллион евро ұсынған. Алайда италиялық тарап ұсынысты қабылдамай, ойыншыны одан да қымбат бағалады.

Өткен маусымда Джованни Симеоне "Фиорентина" құрамында 40 матч өткізіп, 15 гол соққан және төрт рет оның шығарып берген добы нәтижелі болған. Оның жасасқан келісімшартының мерзімі 2022 жылдың жазына дейін. Тransfermarkt.de порталы оны 25 миллион евроға бағалап отыр.