«Атлетико Мадрид» УЕФА Суперкубогының жеңімпазы (фото, видео)

0
1 105

«Атлетико Мадрид» клубы өз тарихындағы үшінші УЕФА Суперкубогын жеңіп алды


«Атлетико Мадрид» УЕФА Суперкубогының жеңімпазы (фото, видео)

ERNUR.KZ. «Атлетико Мадрид» «Реал Мадридті» жеңіп УЕФА Суперкубогын иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

УЕФА Суперкубогы үшін ойын Таллин қаласындағы «А. Ле Кок Арена» (Эстония) стадионында өтті. Аталған Испания астанасының қос клубы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары атанған болатын.

Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Атлетико сапында шабуылшы Диего Коста 1 және 79-минутта Реал қақпасына қос гол салып, дубль авторы атанды. Реал сапында 27-минутта франциялық шабуылшы Кәрім Бензема, 63-минутта пенальтиден қорғаушы Серхио Рамос гол соқты.

Содан кейін, қосымша таймның 98-минутында Атлетиконың жартылай қорғаушысы Сауль және 104-минутта Коке гол соғып, жеңісті жұлып әкетті.

Айта кетейік, «Атлетико Мадрид» клубы өз тарихындағы үшінші УЕФА Суперкубогын жеңіп алды.