"Атлетико" Еуропа лигасының жеңімпазы

0
870

Матчта фаворит саналған испаниялықтар 21 - минутта қарсыластарының қатесін пайдаланып, есепті ашты.


ERNUR.KZ. Футболдан Еуропа лигасының ақтық сайысы өтті. Лион қаласындағы финалда Францияның "Олимпик" (Марсель) жəне Испанияның "Атлетико" командалары алаңға шықты.

Матчта фаворит саналған испаниялықтар 21 - минутта қарсыластарының қатесін пайдаланып, есепті ашты. Гол авторы Антуан Гризманн.

Франциялық шабуылшы 49 - минутта отандастарының алдында екінші голын да соқты. Бұл жолы ол Кокенің пасынан ұтымды пайдаланып есепті - 2:0 ге жеткізді.

89 - минутта марсельдіктер өз қақпасынан үшінші рет доп алып шықты. Матчтағы соңғы гол Габидің атына жазылды. Осылайша "Атлетико" 3:0 есебімен жеңіске жетіп, турнир жеңімпазы атанды.