«Атырау» Чемпиондар лигасына дайындық аясында Ресейде төрт матч өткізеді

0
398

2021/2022 маусымында «Атырау» Чемпиондар лигасына қатысады.


«Атырау» Чемпиондар лигасына дайындық аясында Ресейде төрт матч өткізеді

ERNUR.KZ. 19 қыркүйекте «Атырау» командасы Мәскеуге аттанады, онда алдағы маусымға дайындық аясында бірнеше матч өткізеді, деп жазады prosports.kz.

Оқу-жаттығу жиыны кезінде Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегерлері Ресей Суперлигасының өкілдерімен төрт спарринг кездесу өткізеді: 23 қыркүйекте - «Газпром -Юграмен», 25 қыркүйекте - «Норильский Никельмен», 28 және 29 қыркүйекте Нижний Новгородтың «Торпедосымен».

Еске салайық, 2021/2022 маусымында «Атырау» Чемпиондар лигасына қатысады. Атыраулық команданың қарсыластары португалдық «Спортинг», словениялық «Добовец» пен француздық «Аньер Вильенев» болады. Турнир қазан айының соңында Словенияда өтеді