Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан үздіктер қатарынан танылды

0
410

Ерлер мен әйелдер арасында 10 салмақ дәрежесінде 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.


Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан үздіктер қатарынан танылды

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық ауыр атлеттер бақ сынады, деп жазады sputnik.kz.

Ерлер мен әйелдер арасында 10 салмақ дәрежесінде 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Әзірге біздің құраманың қоржынында 2 қола бар. 3-орынды 55 келіге дейінгі салмақта Арли Чонтей мен 73 келі салмақ дәрежесінде Алексей Чуркин иеленді.
11 мамыр 2 жаттығудың қорытындысы бойынша, Айша Омарова 4-ші болды. Спортшы 87 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті.
12 мамыр күні қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы, Артем Антропов және Андас, одан кейін 13 мамырда Айсамал Сансызбаева мен Любовь Ковальчук алаңға шығады.