Ауыр салмақтағы қазақ боксшы өзбекстандық қарсыласын нокаутпен жеңді

0
768

Кездесу төртінші раундта тоқтатылды.


 Ауыр салмақтағы қазақ боксшы өзбекстандық қарсыласын нокаутпен жеңді

ERNUR.KZ. Кеше, 23 қыркүйек Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Еділ Қожамбердиев (9-2, 9 КО) өзбекстандық Мухитдин Раджапбаевты (12-7-1, 8 КО) жеңді, деп жазады Vesti.kz.

Бірінші ауыр салмақта WBC Asia және WBA Asia титулдары үшін кездесудің бірінші раундында қазақ боксшы нокдаунға түсті. Дегенмен Қожамбердиев ары қарай басымдығын көрсетіп, төртінші раундта өзбек боксшының командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Осылайша Еділ оныншы жеңісіне жетті, боксшы екі рет жеңілген. Ал 12 жеңісі бар Раджапбаев сегізінші рет жеңілді.