«Қайсар» - «Ордабасы» матчының төрешісіне қысым жасалған

0
1 057

Осы оқиғаға байланысты матчтың бас төрешісі Алексей Бобровтың орнына FIFA төрешісі Денис Лобашов қою жөнінде шешім қабылданды.


«Қайсар» - «Ордабасы» матчының төрешісіне қысым жасалған

фото: prosports.kz

Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының шұғыл жиналысы өтті. Бұл туралы prosports.kz ҚКФЛ баспасөз-қызметі хабарлады.

Онда Премьер-лиганың жетінші турындағы «Қайсар» - «Ордабасы» матчының бас төрешісіне белгісіз тұлғалар тарапынан қысым көрсету әрекеті қаралды.
Осы оқиғаға байланысты матчтың бас төрешісі Алексей Бобровтың орнына FIFA төрешісі Денис Лобашов қою жөнінде шешім қабылданды. Бұл жағдай бойынша Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінде қылмыстық іс қозғалды.
Кездесу бүгін 28 сәуір күні өтеді .


Қайсар - Ордабасы
Төрешілер: Денис Лобашов, Ринат Якбаров, Төребек Жақсылық
Резерв төреші: Еркен Жантуғанов

Инспектор: Николай Бублинский