Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы анықталды

0
1 453

Осы келісім бойынша, қос құрама команда 5 маусым күні елордадағы «Астана Арена» стадионында кездесетін болады.


Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы анықталды

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың Әзірбайжан командасымен жолдастық кездесу өткізетіндігін жариялады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі федерацияның ресми сйтына сілтеме жасап.

Екі елдің футбол федерациялары жолдастық кездесу өткізу туралы мәмілеге келген. Осы келісім бойынша, қос құрама команда 5 маусым күні елордадағы «Астана Арена» стадионында кездесетін болады. Сонымен қатар, екі елдің ұлттық футбол федерациялары келісімі аясында жастар арасындағы құрамалары да жолдастық кездесу өткізетіні келісіп алынған. Қазақстан-U21 және Әзірбайжан-U21 құрамалары арасындағы матч 4 маусымға жоспарланыпты. Жастар да «Астана Арена» стадионында додаға түсетіні белгілі болды. Естеріңізге сала кетейік, қазір Әзірбайжан құрамасы FIFA рейтингінде 126 - орында тұр. Құрама команданың бас бапкері Гурбан Гурбанов.