​Қазақстандық балуандар Еуропа чемпионатына барады

0
1 072

Ал, 1 - 2 маусымда Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының басшылығымен, ұлттық федерациялар және Еуропаның қазақ күресі федерациясы өкілдерінің қатысуымен Зренянин қаласында ересектер арасында IV Еуропа чемпионаты өтеді.


​Қазақстандық балуандар Еуропа чемпионатына барады

ERNUR.KZ 2018 жылдың 30 мамыр мен 2 маусым аралығында Сербияның Зренянин қаласында, қазақ күресінің ережелері бойынша Еуропа елдерінің мамандарының қатысуымен, халықаралық төрешілер семинары өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Семинардың негізгі мақсаты - Еуропа төрешілерін дайындау жөніндегі бағдарламаны орындау.

Ал, 1 - 2 маусымда Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының басшылығымен, ұлттық федерациялар және Еуропаның қазақ күресі федерациясы өкілдерінің қатысуымен Зренянин қаласында ересектер арасында IV Еуропа чемпионаты өтеді. Чемпионатта алғаш рет әйелдер 6 салмақ дәрежесінде, сондай-ақ абсолюттік салмақ дәрежесінде жекпе - жектер өткізіледі. Ерлер арасындағы жарыс 7 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылатын болады.

Еуропа чемпионатында 17 елден 110 спортшы қатысуы жоспарлануда.