Азия чемпионаты: Қазақстандық боксшы қыздар 3 алтын иеленді

0
806

Жалпы командалық есеп бойынша Қазақстан қыздар құрамасы екінші орын иеленді.


Азия чемпионаты: Қазақстандық боксшы қыздар 3 алтын иеленді

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады baq.kz.

57 келіге дейінгі салмақта финалдық кездесуде Карина жапониялық Ирие Сенуды (3:1) жеңді.

Осылайша, Карина Ибрагимова Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтыды түсірді. Бұған дейін Алуа Балқыбекова (48 келі) мен Жайна Шекербекова (54 келі) алтын медаль иеленген болатын.

Айта кетейік, жалпы командалық есеп бойынша Қазақстан қыздар құрамасы екінші орын иеленді. Ал бірінші орында Үндістан командасы жеңіп алды. Олардың еншісінде 4 алтын бар.