​ОҚО-да БАҚ өкілдері арасындағы спартакиада аяқталды

0
1 742

ОҚО-да БАҚ өкiлдерi және баспа саласы қызметкерлерi арасындағы дәстүрлi Спартакиада өз мәресiне жетт


​ОҚО-да БАҚ өкілдері арасындағы спартакиада аяқталды

ERNUR.KZ ОҚО-да БАҚ өкiлдерi және баспа саласы қызметкерлерi арасындағы дәстүрлi Спартакиада өз мәресiне жеттi деп, хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Спартакиадаға жыл сайын қызығушылық арта түсіп командалардың саны да артып келеді. Биыл 16 ұжым бас жүлде үшін бақ сынады. Қазақстан Журналистер Одағы ОҚО филиалының ұйымдастыруымен, ОҚО iшкi саясат, ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткен бәсекенiң футбол сайысы да тартысты өтті.

Ерлер сайысында да, әйелдер бәсекесiнде де "Ернұр" корпорациясы жеңiмпаз атанды. Әрине, барлық команда ойыншылары жеңiс үшiн аянып қалған жоқ. "Ернияз" медиа тобы бұл жолы екiншi орынға ие болды. Ал, "Рейтинг-Собкор" командасы 3 – орыннан көрінді.

Әйелдер сайысында "Оңтүстiк" телеарнасы мен Ақпараттық-талдау орталығының қызметкерлерi жүлдеге iлiндi. Жарыстың жеңiмпаздары мен жүлдегерлері дипломдар, кубоктар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Жалпы командалық есеп бойынша биыл "Ернұр" корпорациясы бiрiншi, "Рейтинг-Собкор" екiншi, "Оңтүстiк" телеарнасы үшiншi орынды жеңiп алды.

Кіші футбол. Ерлер.

1. "Ернұр" корпорациясы
2. "Ернияз" медиа тобы
3. "Рейтинг-Собкор" командасы

Кіші футбол. Әйелдер.

1. "Ернұр" корпорациясы
2. "Оңтүстiк" телеарнасы
3. Ақпараттық-талдау орталығы

Үздiк ойыншылар. Ерлер.

Үздiк қорғаушы - Нұржан Хайруллаев (Түркiстан БАҚ)
Үздiк шабуылшы - Еркеғали Балажан ("Оңтүстiк Қазақстан" газетi)
Үздiк қақпашы – Бахрам Талибжанов ("Рейтинг-Собкор" командасы)

Үздiк ойыншылар. Әйелдер.

Үздiк қорғаушы - Ақмарал Молдиярқызы ("Шымкент келбетi" газетi)
Үздiк шабуылшы – Улмира Тоқсанбаева ("Оңтүстiк" телеарнасы)
Үздiк қақпашы - Баян Анарбаева (Ақпараттық-талдау орталығы)

"Ең ұйымшыл" команда - "Түркiстан БАҚ"

Жалпы командалық есеп:

1. "Ернұр" корпорациясы - 4 алтын, 1 күмiс, 1 қола.

2. "Рейтинг-Собкор" командасы - 2 алтын, 2 күмiс, 4 қола.

3. "Оңтүстiк" телеарнасы - 1 алтын, 3 күмiс, 1 қола.