Баландин Испания ашық біріншілігінің абсолютты чемпионы атанды

0
1 116

Малагада өткен турнирде қазақстандық жүзушілер 8 медаль иелденді – үш алтын, үш күміс және екі қола.


Баландин Испания ашық біріншілігінің абсолютты чемпионы атанды

2016 Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландин кезекті үшінші алтын медельға қолжеткізді. Бұл жолы 100 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде топ жарды. Бұған дейін ол 200 және 50 метр қашықтықта жүзуден ешкімге дес бермеді. Осылайша ол брасс әдісімен жүзуде барлық үш алтын медальды иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ baq.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, жарыстың соңғы күнінде Қазақстанның рекорд орнатушысы Әділбек Мусин де жеңіс тұғырынан көрінді. Ол 100 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзуде қола медальға қолжеткізді. Тағы бір «қоланы» 50 метр қашықтықта еркін стильде жүзуден Әділ Қасқабай жеңіп алды.

Жалпы, Малагада өткен турнирде қазақстандық жүзушілер 8 медаль иелденді – үш алтын, үш күміс және екі қола.

Испания біріншілігіндегі үздік нәтижені 2016 Олимпиада ойындарының чемпионы Мирель Бельмонте көрсетті. Ол алты рет бірінші орыннан көріне білді. Ал, испандық Джессика Валь, Лидон Муньос, Уго Гонсалес және қазақстандық Дмитрий Баландин үш рет жоғары сынамалы награданы иеленді.