Баландин Қытайдағы жарыста қола жүлдегер атанды

0
703

Қазақстандық спортшы 100 м қашықтықты 1:00.55 уақытта жүзіп өткен.


Баландин Қытайдағы жарыста қола жүлдегер атанды

Шеньчжэнде (Қытай) халықаралық жүзу федерациясының (FINA) Champions Swim Series жарысының бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған додада қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды. Ол 100 м қашықтықты 1:00.55 уақытта жүзіп өтті.

Жарыс нәтижесінде, Арно Камминга (Нидерланды) 58.61 уақытта бағындырып, жеңімпаз атанды. 59.02 нәтижесімен күмісті Зибей Ян жеңіп алды.

Бүгін, 15 қаңтар күні Баландин 200 м қашықтыққа брасс әдісімен жүзу бойынша сынға түседі. Дәл осы дистанцияда 2015 жылғы әлем чемпионы Маркус Кох (Германия), Еуропа чемпионы Арно Камминга (Нидерланды) және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері америкалық Джон Прено қатысады.