"Барселона" кейінгі алты жылдағы ең мықты серия жасады

0
2 459

Команда турнир кестесінде екінші.


ERNUR.KZ. "Барселона" футболдан Испания чемпионатының 22-ші туры аясында "Бетисті" ұтты. Севильяда өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды, деп жазады vesti.kz.

Осылайша, каталондық команда сырт алаңдағы барлық ойында тоғыншы рет жеңіске жетті, бұл 2015 жылдан бергі ең мықты серия болып отыр.

Бұл ойыннан кейін "Барселона" 43 ұпай жинап, турнир кестесіндегі екінші орынын сақтап қалды, ал "Бетис" 30 баллмен 20 команда арасында жетінші.

13 ақпанда өтетін келесі турда "Барселона" өз алаңында "Алавеспен", ал "Бетис" келесі күні сырт алаңда "Вильярреалмен" ойынайды.