"Барселона" клубы Шымкентке келеді

0
2 860

Алғашқы матч Шымкентте 12 немесе 13 қыркүйек күні өтеді


ERNUR.KZ. Қыздар арасында өтіп жатқан Еуропа лигасының плей офф, яғни 1/32 финал матчтарына жеребе тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Еурокубоктың іріктеу кезеңінде Шымкенттің "Биік Қазығұрт" командасы сəтті ойын көрсеткені туралы хабар берген болатынбыз. 17 тамыз күні жеребе тартылып, шымкенттік арулар Испанияның "Барселона" ұжымымен кіл мықтыны анықтайтын болды.

Алғашқы матч Шымкентте 12 немесе 13 қыркүйек күні өтеді. Араға апта салып, қарымта кездесуіне Каталония қаласы қожайындық жасайды.

Осы орайда айта кетсек, қос команда осыдан 3 жыл бұрында кездескен болатын. Шымқалада өткен алғашқы матч 1:1 есебімен тең аяқталған. Ал, "Барселона" өз алаңында 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.