"Барселона" құны 45 миллион еуро ойыншыны тегін алатын болды

0
895

Басылымның мәліметінше, ивуарлық футболшы биылғы жылдың 1-шілдесінен бастап каталондық клубтың намысын қорғайды.


ERNUR.KZ. "Милан" жартылай қорғаушысы Франк Кессье жаңа футбол маусымынан бастап "Барселона" сапында ойнайтын болды, деп жазады kaz.vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, ивуарлық футболшы биылғы жылдың 1-шілдесінен бастап каталондық клубтың намысын қорғайды. Себебі оның итальялық командамен жасалған келісімшарты маусым айында бітеді.

Кессье соңғы бір жылдың ішінде "Милан" сапында алаңға 36 рет шығып, 6 гол соқты. 25 жастағы ойыншының трансферлік құны 45 миллион еуро тұрады. Өз елінің құрамасында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Жартылай қорғаушы осы уақыт аралығында 58 матчта 6 гол салды.