"Барселона" Мессиді 250 миллион еуроға сатудан бас тартты

0
816

Шабуылшыны "Интер" командасы алғысы келген.


ERNUR.KZ. "Барселона" команда капитаны Лионель Мессиді 250 миллион еуроға "Интер" командасына сатудан бас тартты. Бұл туралы клубтың президенттігіне үміткер Жоан Лапорта айтты, деп жазады vesti.kz.

"Барселонаның" жақсы көретін адамдардың ешқайсысы Мессиге күмәнданбауы керек. Қаңтарда мені президент етіп сайлайды деген үміттемін. Содан соң мен онымен сөйлесемін. 2006 жылы біз "Интерден" керемет ұсыныс алдық. Италиялық команда 250 миллион еуро ұсынды. Массимо Моратти Мессиді өз командасына қосып алғысы келді. Бізде клубтың дәл қазіргі экономикалық кризистен шығаратын нақты жоспар бар. Әрине біз әлемді өзгерте алмаймыз. Бірақ біз клубтың жағдайын реттей аламыз", - деді Лапорта.

Айта кетейік, бұған дейін "Барселона" командасының президенттігіне үміткер Эмили Руссо "Камп Ноу" стадионын Мессидің атына ауыстыруды ұсынды. Шабуылшы бұл командада 2000 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. "Барселонамен" бірге ол он рет Испания чемпионы, төрт рет Чемпиондар лигасын жеңген. Бірақ соңғы кездері аргентиналық ойыншының команда ауыстырғысы келеді деген әңгіме шығып жүр.