​«Барселона» Мессисіз «Реалдың» тас-талқанын шығарды

0
1 109

Осылайша «Барселона» Мессисіз қарсыласын ірі есеппен жеңді.


​«Барселона» Мессисіз «Реалдың» тас-талқанын шығарды

ERNUR.KZ. Футболдан Испания 10 – тур матчтары өтті. Турдың орталық ойыны «Ноу Камп» стадионында «Барселона» мен «Реал» арасында өтті.

Ойынның басынан алаң қожайындары шабуыл ұйымдастырып, 10 – минутта есепті ашты. Гол авторы бразилиялық Филиппе Коутиньо болды. 30 – минутта таблодағы есеп, 2:0 ге жетті. Луис Суарес пенальтиден «Реал» қақпашысы Тибо Куртуаны қапы қалдырды.
Үзілістен соң «Реал» футболшылары қарқынды ойын көрсетті. 50 – минутта Марсело қонақтардың бір голына авторлық жасады. Ал, қалған минуттарда «Барса» футболшылары қатарынан 3 гол соқты. Луис Суарес хет трик авторы атанған болса, 87 – минутта қосалқы құрамнан алаңға шыққан Артуро Видаль «Барселонаға» 5:1 есебіндегі жеңісті келтірді.
Осылайша «Барселона» Мессисіз қарсыласын ірі есеппен жеңді. Осы орайда айта кетсек, каталониялықтар қатарынан 22 рет «Эль Классикода» гол соғып, «Реалдың» рекордын қайталады.