«Барселона» Мессисіз жеңіске жетті

0
1 097

Ойында аргентиналық Лионель Месси жарақатына байланысты каталониялықтарға көмектесе алмады.


«Барселона» Мессисіз жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Футболдан Еуропа чемпиондар лигасының 3 – тур матчтары өтті. «В» тобында Испанияның «Барселона» клубы өз алаңында Италияның «Интер» командасын 2:0 есебімен жеңді.

Ойында аргентиналық Лионель Месси жарақатына байланысты каталониялықтарға көмектесе алмады. Кездесудің 32-ші минутында Рафинья «Интер» қақпасына соғылған алғашқы голдың авторы атанды. Ал, 83 – минутта испаниялық қорғаушы Хорди Альба «Барселонаға» 2:0 есебіндегі жеңісті сыйлады. Топтағы екінші матчта ПСВ «Эйндховен» Англияның «Тоттенхэм» ұжымымен 2:2 есебімен тең түсті.

«А» тобында Дортмундтың «Боруссия» клубы өз жанкүйерлерінің алдында Испанияның «Атлетико» командасын 4:0 есебімен тас талқанын шығарды. 38 – минутта Аксель Витсел голдар шоуын бастап берді. Кейін, Рафаэль Герреру «Атлетико» қақпасына соғылған екінші голдың авторы атанды. 83 – минутта Жейдон Санчо, 89 – минутта Рафаэль Герреру дубльге қол жеткізді. Қортынды есеп 4:0 «Боруссияның» жеңісі. «Брюгге» мен «Монако» командаларының матчы 1:1 есебімен аяқталды.

Өзге ойындардың нәтижелері мынадай:

Брюгге (Бельгия) - Монако (Франция) - 1:1

ПСЖ (Франция) - Наполи (Италия) - 2:2

Ливерпуль (Англия) - Црвена Звезда (Сербия) - 4:0

Локомотив (Мәскеу, Россия) - Порту (Португалия) - 1:3

Галатасарай (Туркия) - Шальке (Германия) - 0:0

АЕК (Греция) - Бавария (Германия) - 0:2

Аякс (Голландия) - Бенфика (Португалия) - 1:0

Шахтер (Украина) - Манчестер Сити (Англия) - 0:3

Хоффенхайм (Германия) - Лион (Франция) - 3:3

Рома (Италия) - ЦСКА (Мәскеу, Россия) - 3:0

Реал (Мадрид, Испания) - Виктория (Чехия) - 2:1

Янг Бойз (Швейцария) - Валенсия (Испания) - 1:1

Манчестер Юнайтед (Англия) - Ювентус (Италия) - 0:1