​«Барыс» ХК жаңа президенті тағайындалды

0
939

Клубтың бұрынғы президенті Асқар Шопобаев отбасылық жағдайына байланысты қызметтен босату туралы өтініш жазған.


​«Барыс» ХК жаңа президенті тағайындалды

Борис Иванищев «Барыс» хоккей клубының президенті болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Вaq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Клубтың бұрынғы президенті Асқар Шопобаев отбасылық жағдайына байланысты қызметтен босату туралы өтініш жазған.

«Қамқоршылық кеңестің шешімімен «Барыс» хоккей клубының президенті болып Иванищев Борис Анатольевич сайланды. Ол 2006 жылдан бері клубтың вице-президенті болды», - деп жазылған «Барыс» ХК ресми сайтында.

Борис Иванищев 53 жаста. Ол Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде дене шынықтыру және спорт мамандығын және Лесгафт атындағы Ұлттық мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және денсаулық университетінің Хоккей академиясы кафедрасын тәмамдаған.