«Барыс» хоккей клубы бүгін Ресейде «Автомобилистпен» ойнайды

0
470

Аталған ойын елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


«Барыс» хоккей клубы бүгін Ресейде «Автомобилистпен» ойнайды

ERNUR.KZ. «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) клубына қарсы өткізеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталған ойын елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 52 мәрте кездесті. Оның 34-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде отыз ойыннан кейін 26 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 17-орында келеді.

Ал жиырма тоғыз ойыннан кейін 40 ұпай жинаған «Автомобилист» 4-орынға жайғасқан.

Кейінгі он кездесудің жетеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Салават Юлаевтан» басым түсті.