"Барыс" ҚХЛ-де қорғаныс бойынша жеке рекорд орнатты

0
866

Биылғы тұрақты чемпионат астаналықтар үшін сәтті болды.


ERNUR.KZ. Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында тағы бір рекорд орнатты, деп жазады vesti.kz.

Команда ҚХЛ тарихындағы қорғаныс бойынша үздік нәтиже көрсетті - 62 матчта 149 шайба ғана өткізген.

Мұның алдындағы көрсеткіш - 54 матчта 152 шайба - 2010/11 маусымында болған.

Еске салайық, "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы қарсылас қақпасына салған шайба бойынша да өз рекордын жаңартқан.

Бүгін, 26 ақпан астаналық команда плей-оффтың алғашқы раундын бастап, ресейлік "Торпедомен" ойын өткізеді. Төрт жеңіске дейінгі серия Астанада бастау алады. Матчтің басталуы Астана уақытымен 19:30-да.