​"Барыс" командасы үздік үштікке көтерілді

0
1 064

Жерлестеріміз келесі ойынын 14 қараша күні Астанада "Амур" командасына қарсы өткізетін болады.


​

Бір апталық үзілістен соң құрлықтық хоккей лигасының ойындары жалғасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Елорданың "Барыс" клубы Ресейдің "Сибирь" ұжымының қонағы болды. Ойынның 4 - минутында швециялық хоккейші Андре Пергерссон мұз айдынының қожайындарының қақпасын анық нысанаға алып есепті ашты.
Ал, "Сибирь" хоккейшілері 30 - минутта таразы басын теңестіріп кетті. Гол авторы Дмитрий Саюстов.
Қалған уақытта қақпаларға шайба соғылмай, жеңімпаз овертаймда анықталды. Мұнда "Барыс" ойыншысы Куртис Валк жеңіс шайбасын соқты. Қортынды есеп - 2:1. Осы жеңістен соң астаналықтар 39 ұпаймен Батыс конференциясында 3 - орынға көтерілді.
Жерлестеріміз келесі ойынын 14 қараша күні Астанада "Амур" командасына қарсы өткізетін болады.