«Барыс» командасының бапкерлер құрамы толық жасақталды

0
456

Биыл бас бапкер қызметіне қазақстандық маман Юрий Михайлис келген еді.


«Барыс» командасының бапкерлер құрамы толық жасақталды

ERNUR.KZ. Елордалық «Барыс» командасының бапкерлер құрамы толық жасақталды, деп жазады ҚазАқпарат.


Естеріңізге сала кетелік, биыл бас бапкер қызметіне қазақстандық маман Юрий Михайлис келген болатын. Оған Георгий Верещагин, Александр Шимин, Андрей Шаянов және Александр Ахцигер көмекшілік жасайтын болды. Ал бапкерлер құрамында Сергей Тамбулов видео-сарапшы қызметін атқарады.

Георгий Верещагин - Қарағанды хоккейінің түлегі. Бұдан бұрын ол Ю.Михайлиске «Номад» командасында, еліміздің студенттер және жастар құрамаларында көмекшілік жасады.

Өскемен хоккейінің түлегі Андрей Шаянов бұдан бұрын да «Барыс» командасында бас және аға бапкер қызметтерін атқарған. Былтыр «Барыс» жүйесіндегі «Снежные Барсы» клубында бапкерлер құрамында болды.

Ал Александр Ахцигер мен Сергей Тамбулов құрлықтық хоккей лигасы құрылғаннан бері елордалық клуб сапында еңбек етеді. Ал Александр Шимин «Барысқа» екі жыл бұрын қызметке келді.

Айта кетейік, таяуда ҚХЛ тұрақты чемпионатын өткізудің бірнеше нұсқасы дайындалған болатын.