"Барыс" қонақта "Спартактан" басым түсіп камбэк жасады

0
396

Енді 2 қазан күні "Барыс" өз айдынында "Сочи" хоккейшілерін қабылдайды.


ERNUR.KZ. "Барыс" құрлықтық хоккей лигасының аясында сырт айдында "Спартакты" ұтты, деп жазады vesti.kz.

Тартысты ойынның бірінші кезеңінде ресейлік команда сапынан Захар Арзамасцев көзге түсті. Осы орайда "Барыс" қақпашысы Юлиус Гудачек өрескел қателік жібергенін айта кеткен жөн.

Екінші кезеңде шайба соғылмаса, кездесудің шешуі үшінші кезеңінде қазақстандық команда камбэк жасады. Адымен 41 минутта Джереми Баркко таразы басын теңестірді. Араға 4 минут салып Аркадий Шестаков есепті еселей түсті. Ал 54 минутта Егор Петухов матчтың нүктесін қойды.

Енді 2 қазан күні "Барыс" өз айдынында "Сочи" хоккейшілерін қабылдайды.