"Барыстың" канадалық капитаны ҚХЛ-дегі ең қымбат ойыншы атанды

0
569

​Бұл тізім ойыншылардың негізгі еңбекақысын есепке алып жасалды.


ERNUR.KZ. "Барыс" пен Қазақстан құрамасының қрғаушысы Даррен Диц Құрлықтық хоккей лигасындағы ең қымбат ойыншылар рейтингін бастап тұр, деп жазады vesti.kz.

Бұл тізім ойыншылардың негізгі еңбекақысын есепке алып жасалды. Ең жоғары айлық 900 миллион рубльден аспау керек, бұл хоккейшілердің үстемақы мен сыйақысыз алғандағы кепілді ақшасы.

Жылына жүз миллион рубль табыс көретін "Барыс" капитаны рейтингте бірінші, теңгеге шаққанда оның жылдық табысы 597 337 300 тенге.

Мамырдағы рейтингте Диц осы табысымен рейтингте екінші болған. Ол кезде мәскеулік "Динамо" шабуылшысы Дмитрий Яшкин (115 миллион рубль) бірінші боолған, кейін ол ҰХЛ-ге ауысты.

Қазір екінші орында сол "Динамоның" форварды Вадим Шипачев (95 миллион), ал үшінші "Салават Юлаевтың" финляндиялық хабуылшысы Теему Хартикайнен (90 миллион).