Батыр Жүкембаев қыркүйекте экс-чемпионмен жекпе-жек өткізеді

0
696

49 кездесу өткізіп, соның 41 жеңіспен аяқтаған бұрынғы әлем чемпионымен кездесу үлкен мәртебе екенін мәлімдеді.


Батыр Жүкембаев қыркүйекте экс-чемпионмен жекпе-жек өткізеді

ERNUR.KZ. Кәсіпқой бокста жұдырықтасып жүрген отандасымыз 26 қыркүйек күні экс-чемпион Мигель Васкеске қарсы кездесу өткізетінін мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

«Алла қаласа әлем чемпионы атану дейтін ұлы мақсатыма бір табан жақындай түсемін. Ол қанша азулы болса да, қазақ елінің намысы маған күш-қуат сыйлайды!», - деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында.

Сонымен қатар, ол 49 кездесу өткізіп, соның 41 жеңіспен аяқтаған бұрынғы әлем чемпионымен кездесу үлкен мәртебе екенін мәлімдеді.

«Ол IBF чемпионы болды және бірнеше рет титулын сәтті қорғай білді. Спорттық мәнсабында Сауль Альвареске қарсы екі кездесу өткізіп, WBS және IBO белдіктері үшін жұдырықтасты. Әрине осы сәтте Мигель Васкес менің мәнсабымдағы ең басты әрі мықты қарсыласым болып келеді. Онымен ауыр жекпе-жек болатынын жақсы түсінемін, дегенмен жұдырықтасуға және жеңуге дайынмын. Менің басты мақсатым – чемпион болу және мен соған бет алдым»,-деп жазды спортшы.