Батысқазақстандық жас волейболшылар Уфада өткен жарыстан жүлдемен оралды

0
1 185

Спорт мектебі тәрбиеленушілерінен құралған БҚО командасы күміс жүлдені қанжығасына байлады.


Батысқазақстандық жас волейболшылар Уфада өткен жарыстан жүлдемен оралды

ERNUR.KZ. Батысқазақстандық жас волейболшылар Уфада 2006-2008 жылғы жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнирден жүлдемен оралды, деп жазады inform.kz.

Волейболдан жасөспірімдер арасында БҚО құрамасының аға бапкері Сергей Казактың айтуынша, аталмыш турнирге Ресей, Татарстан мен Башқұртстан және Қазақстаннан барлығы 8 команда қатысып, бақ сынады. Негізінен Орал қаласындағы олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі тәрбиеленушілерінен құралған БҚО командасы финалда ғана аса тартысты ойында Уфа волейболшыларына 2:3 есебімен есе жіберіп, екінші орынға ие болды. Үшінші орынға Новокуйбышевск командасы (Самара облысы) көтерілді. БҚО-дан Даниил Сухарев үздік ойыншы атанды.