Бауыржан Исламхан ұлттық құрама ойындарына қатыса алмайды

0
1 029

Бауыржан Исламхан жарақатына байланысты Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығуы жиынынан кетеді.


Бауыржан Исламхан ұлттық құрама ойындарына қатыса алмайды

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасында өзгеріс болып жатыр, деп жазады 24.kz.

Алматының «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан жарақатына байланысты Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығуы жиынынан кетіп, 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Шотландия және Ресей құрамаларымен өтетін ойындарға қатыспайды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Бауыржан Исламханның орнына қосалқы тізімнен қарағандылық «Шахтер» шабуылшысы Оралхан Өміртаев шақырылды.

Оралхан Өміртаев ұлттық құрамада 2 ойын өткізіп, 2 гол соқты.