"Баварияның" басшысы команданың бас бапкерімен жанжалдасып қалды

0
565

Мюнхэндік команданың басшылары бұл жағдайға алаңдап отыр.


ERNUR.KZ. Мюнхэндік "Баварияның" бас бапкері Юлиан Нагельсман мен клубтың спорт директоры Хасан Салихамиджич арасында дау туындапты, деп жазады vesti.kz.

Мюнхэндік команданың басшылары бұл жағдайға алаңдап отыр.

Дереккөздің ақпараты бойынша, "Баварияның" басшылары бұл жағдай команданың бұрынғы бапкері Ханс Дитер Флик мен Салихамиджич арасында болған жанжалға ұқсайтынын айтыпты. Аталған жанжал өткен жылы болған еді. Сол оқиғадан кейін Ханс Дитер Флик командадан кетіп, Германия құрамасының тізгінін ұстады.

Айта кетейік, биыл "Бавария" Бундеслиганы қатарынан 10 мәрте жеңіп алды. Бірақ Хасан Салихамиджичтің сонда да Юлиан Нагельсманның жұмысына көңілі толмайды екен.