Бейбіт Шүменовтың жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін

0
2 410

Бұл бокс кеші 29-қаңтарға жоспарланған.


Бейбіт Шүменовтың жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін

ERNUR.KZ. 29-қаңтар күні Голливуд (АҚШ, Флорида штаты) қаласында бірінші ауыр салмақтағы WBA Regular белбеуінің иегері қазақстандық Бейбіт Шүменовтің (18-2, 12 KO) жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz.

Қазақстандық боксшының қарсыласы бірінші ауыр салмақта WBA рейтингінде сегізінші орында тұрған америкалық Рафаэль Мерфи (14-1, 11 КО) болуы керек еді.

Бірақ инсайдер Дэн Рафаэльдің жазуынша, бұл шоу өтпей қалуы мүмкін. Себебі, бұл бокс кешіне қатысатын боксшылардың АҚШ жеріне кіруге визалары дайын емес.


"LOL. Бұл бокс кешінің өту мүмкіндігі өте төмен. Шүменовте келісімшарт жоқ және ол допингтен өтпеді. Ал Чаррада виза жоқ", - деп жазды журналист твиттер парақшасында.


Еске салайық, бұған дейін VADA өкілдері промоутер Дон Кингтің Шүменов пен Мерфиден допинг сынақ алмауын сұрағанын айтты. Алайда промоутердің не үшін бұлай жасағаны белгісіз болып тұр.

Айта кетейік, Шүменов 2018 жылдың шілдесінен бері шаршы алаңға шыққан жоқ. Ол соңғы кездесуде Астана қаласында түркиялық Хизни Алтункайды (32-3, 19 КО) нокаутпен жеңген болатын.