Бекзат Нұрдәулетов Әлімханұлын жеңген боксшыдан басым түсті

0
280

2017 жылы Қазақстан чемпионатында Коханчик Жәнібек Әлімханұлын жеңіп, сенсация жасаған.


Бекзат Нұрдәулетов Әлімханұлын жеңген боксшыдан басым түсті

ERNUR.KZ. Әуесқойлар арасында 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов Ақтауда өткен кәсіпқой бокс кешінде өзге қазақстандық боксшы Михаил Коханчикті жеңді, деп жазады Vesti.kz.

Сегіз раундқа есептелген айқас толық өтіп, оның қорытындысы бойынша Бекзат төрешілер шешімімен басым түсті.

24 жастағы Нұрдәулетов осымен бесінші жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетіп отыр. Ал 23 жастағы Коханчик қатарынан төрт қарсыласын нокаутқа түсіргеннен кейін бірінші рет жеңілді.

Айта кетейік, 2017 жылы Қазақстан чемпионатында Коханчик Жәнібек Әлімханұлын жеңіп, сенсация жасаған. Алайда жартылай финалда осы Нұрдәулетовтен жеңілді.