Белгілі қазақстандық төреші қайтыс болды

0
1 272

​Қазақстан футбол федерациясы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты


Белгілі қазақстандық төреші қайтыс болды

ERNUR.KZ. Бүкілодақтық санаттағы төреші Рафаэль Ибрагимов 97 жасында дүниеден озды, деп жазады sputniknews.

Қазақстан футбол федерациясы футболды дамытуға елеулі үлес қосқан Ұлы Отан соғысының ардагері Рафаэль Ибрагимовты аза тұтуда.

"Рафаэль Якубовичтің есімі мәңгілікке жүрегімізде қалады", — деп жазды федерация.

Рафаэль Ибрагимов 1922 жылы тамызда дүниеге келген. Ол төрешілік қызметті соғыстан кейінгі жылдары бастады, Кеңес Одағы чемпионаттарының матчтарына, сондай-ақ халықаралық жарыстарға қазылық жасады. Сондай-ақ Ибрагимов Қазақ КСР-нің кинематография саласында жұмыс істеді.

Ол Prosports.kz сайтына берген сұхбатында 300-ден астам матчта төрешілік жасағанын, сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясында ерікті негізде еңбек еткенін айтты. Ол өзінің сүйікті клубы ретінде алматылық "Қайратты" атады.